Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Нұғманов