Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 5 қазандағы N 315 қаулысы. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2009 жылғы 9 қазанда N 4-2-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 "Белгіленген әскери қызмет  мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына сәйкес әскерге шақырылушыларды кезектi әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктiне жөнелту, кезектi аудандық шақыру пунктiн сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа да әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмі қарамағына 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметшiлер бөлу ұсынылсын.
      4. Поселке және селолық округ әкiмдерi әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулерi және қосымша тексеру үшiн дәрiгерлiк мекемелерге тұрғылықты жерiнен Атырау облысы Жылыой аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге және керi қарай тұрғылықты жерiне дейiн жеткізуді 3-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн.
      5. Атырау облысы денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келiсiм бойынша):
      1) әскерге шақырылушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеудеоргандарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ-электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшiн емдеу профилактикалық мекемелерден қажеттi мөлшерде орын бөлу;
      2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзiмi кейiнге қалдырылған дiмкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткiзудi ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Мекемелер басшыларына Атырау облысы, Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу 4-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

      7. Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөліміне (Н. Оразбаев) (келісім бойынша) Атырау облысы, Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп (келісім бойынша):
      1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде Атырау облысы, Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен бiрге шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру комиссияларына белгiленген мерзiмде келмеген адамдарды жедел iздестiрiп тауып, Атырау облысы, Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне жеткiзу;
      3) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң жинақтаушы пункiтiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн полицияның күшейтiлген нарядын бөлiп, командаларды көлiкке отырғызып жiберу, сонымен бiрге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.

      8. Жылыой ауданы қаржы бөлiмi 2009 жылғы бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктiне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      9. Жылыой аудандық әкімиятының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 228 "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы"  қаулысының (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 23 қыркүйектегі № 4-2-97 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2008 жылы 16 қазанда № 42 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Сағиевке жүктелсiн.

      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                 Р. Нұғманов

 
Келісілді: 

Атырау облысы ішкі істер           Атырау облысы денсаулық сақтау

департаменті Жылыой ауданының      департаментінің Жылыой аудандық

ішкі істер бөлімінің бастығы      орталық ауруханасының бас дәрігері

"____" ________________2009ж.      "____"__________________2009ж.

_______________Н. Оразбаев          _______________Т. Қыдырбаев
 

Атырау облысы Жылыой ауданының     Атырау облысының ішкі істер

қорғаныс істері жөніндегі бөлім    департаменті Жылыой ауданының

бастығы                            ішкі істер бөлімі бастығының

"____"__________________2009ж.     орынбасары

_______________Д. Тілеуов          "____" ________________2009ж.
                                    _______________А. Минтаев
 

Жылыой аудандық емханасының         Жылыой аудандық емханасының

жасөспірімдер дәрігері              мейірбикесі

"____" ________________2009ж.       "____" ________________2009ж.

_______________Б. Тасымбаева        ______________Ж. Мұсылманова


"Қазақстан теміржолы Ұлттық         "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру"

Компаниясы" акционерлік қоғамы       акционерлік қоғамының

Құлсары жол дистанциясы филиалының  "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ

бастығы                              өндіру басқармасының бастығы

"____" ________________2009ж.        "____" ________________2009ж.

_______________Б. Тайбеков            _______________А. Ғабдуллин
 

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының   Құлсары жүйелі газ өндіру

"Құлсары мұнай құбырлары"             басқармасының бастығы
басқармасының бастығы                 "____" ________________2009ж.

"____" ________________2009ж.         _______________М. Аташев

_______________А. Бешімов   

Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 5 қазандағы
№ 315 қаулысына 1-қосымша 

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық әскери шақыру комиссиясының құрамы
 

Тілеуов Дастан Құбашұлы - Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі                             бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы,                            комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сағиев Мажит Сағиұлы    - Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық

                          шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары;

Мұсылманова Жәмила Нағметұллақызы - Жылыой аудандық емханасының

                          мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім                                 бойынша);

Комиссия мүшелері: 

Минтаев Азат Спатайұлы - Атырау облысының ішкі істер департаменті                               Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі                                     бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Тасымбаева Баян        - Жылыой аудандық емханасының
Тасымбайқызы             жасөспірімдер дәрігері (келісім бойынша).

Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 5 қазандағы
№ 315 қаулысына 2-қосымша

Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер

Р/с           Мекеменің аты              Бөлу мерзімі  Қызметкерлер

1

Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

10 қазан       31 желтоқсан


10

2

"Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Құлсары жол дистанциясы филиалы (келісім бойынша)

10 қазан       31 желтоқсан




1

3

"Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы" филиалы (келісім бойынша)

10 қазан
31 желтоқсан

1

4

"Бақай" корпарациясы (келісім бойынша)

10 қазан       31 желтоқсан


1

      Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет" туралы Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 5 қазандағы  
№ 315 қаулысына 3-қосымша

2009 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту КЕСТЕСІ

№ Р/С

Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары

Комиссиядан өту күндері

қазан - желтоқсан

1

Жаңа-Қаратон

19, 27, 4, 12, 20, 1, 9, 18, 28

2

Қара-Арна

12, 20, 28, 5, 13, 23, 2, 10, 21, 29

3

Қосшағыл

13, 21, 29, 6, 16, 24, 3, 11, 22, 30

4

Жем

14, 22, 30, 9, 17, 25, 4, 14, 23, 31

5

Ақкиізтоғай

15, 23, 2, 10, 18, 26, 7, 15, 24

6

Майкөмген

16, 26, 3, 11, 19, 30, 8, 17, 25

7

Құлсары

қазан – 31 желтоқсан

      Күнделікті комиссия өтетін күндері: 

Қазан - 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30 Қараша - 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23,              24, 25, 26, 30

Желтоқсан - 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22,             23, 24, 25, 28, 29, 30, 31

Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 5 қазандағы 
№ 315 қаулысына 4-қосымша

Мекемелерге кезекші көліктерді бөлу кестесі

Р/с          Мекемелердің аттары               Кезекші көлік беру                                                      мерзімдері

1

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсары мұнай құбырлары" басқармасы /келісім бойынша/

10 қазан

16 қазан

2

"Каz Реtro Trans" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/

19 қазан

30 қараша

3

"Бақай" корпорациасы /келісім бойынша/

19 қазан

30 қараша

4

"ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасы /келісім бойынша/

2 қараша

13 қараша

5

Құлсары жүйелі газ өндіру басқармасы /келісім бойынша/

2 қарша

13 қараша

6

"СұңқарЛтдЖылыой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/

16 қараша

30 қараша

7

"Рип-газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/

16 қараша

30 қараша

8

"Нефтестройсервис ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/

1 желтоқсан

15 желтоқсан

9

"Интер Таско" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/

17 желтоқсан

31 желтоқсан

       Ескерту. Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі сағат 830-да толық жанар-жағар майымен Атырау обылысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады