2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 қарашадағы N 19 шешімі. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2009 жылғы 20 желтоқсанда N 4-2-135 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148  "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 13 тармағы және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды және түрлi себептермен тiркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу бөлiмшесiне тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Азаматтарды әскери есепке тiркеу жөнiндегi комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

      3. Азаматтарды әскери есепке алу Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң (келiсiм бойынша) шақыру пунктiнде өткiзу ұсынылсын.
      4. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келiсiм бойынша):

      1) аудандық дәрiгерлiк комиссия құрамында ауыстыру мүмкiндiгiн қарастырып, тиiстi дайындығы бар тәжiрибелi жоғары бiлiмдi медицина қызметкерлерiнiң, сонымен бiрге есепке тiркелушiлердiң қан және зәр құрамын айыруға, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау электрокардиограмма (ЭКГ) үшiн емдеу-профилактикалық мекемелерден қажеттi мөлшерде орын бөлу;

      2) аудандық шақыру пунктiнің қажеттi дәрi-дәрмектермен, дәрiгерлiк құрал-жабдықтармен, мүлiктермен қамтамасыз етiлуiн бақылауға алу;

      3) комиссия өту барысында анықталған дiмкес жастармен 2010 жылдың 1-шi сәуiрiне дейiн емдеу-сауықтыру мекемелерiнен қажеттi орындар бөлу;

      4) қайталап тексерудi акт жасақтау арқылы Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiмiнің (келісім бойынша) белгiленген мерзiмінде өткiзу ұсынылсын.
      5. Жылыой ауданы бiлiм беру бөлiмi Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлімінде (келісім бойынша) оқушыларды дәрiгерлiк тексеруден өткiзсiн және жауапты адамдармен бiрге әскери есепке тiркеу бөлiмшесiне ұйымдастырылған түрде әкелу ұсынылсын.

      6. Барлық поселкелік және селолық округ әкiмдерi жасөспiрiмдердi тұрғылықты жерiнен әскери есепке тiркеу бөлiмшесiне дейiн және кейiн қарай жеткiзу үшiн жабдықталған автокөлiктермен қамтамасыз етсiн.

      7. Жылыой аудандық iшкi iстер бөлiмiне (келiсiм бойынша) шақыру бөлiмшесiне қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етiп, бой тасалап жүрген жасөспiрiмдердi iздестiрудi ұйымдастыру ұсынылсын.

      8. Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2010 жылдың 1-қаңтарынан 31 наурызына дейін 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер бөліну ұсынылсын.
      9. Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлiмiне (келiсiм бойынша):
      1) 1993 жылы туған азаматтарды тiркеу жұмысының жүру барысын аудан басшылығына хабарлау;
      2) 2010 жылдың сәуiр айында аудандық әкiмиятқа жасөспiрiмдердiң шақыру бөлiмшесiне тiркеу жұмысының қорытындысы және оларды әскери қызметке дайындау шаралары жөнiнде хабарлама беру ұсынылсын.

      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сағиевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Р. Нұғманов
      

     Келісілді: 

Атырау облысы ішкі істер           Атырау облысы денсаулық сақтау

департаменті Жылыой ауданының      департаментінің Жылыой аудандық

ішкі істер бөлімінің бастығы      орталық ауруханасының бас дәрігері

"____" ________________2009ж.      "____"__________________2009ж.

_______________Н. Оразбаев          _______________Т. Қыдырбаев
 

Атырау облысы Жылыой ауданының     "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру"

қорғаныс істері жөніндегі бөлім     акционерлік қоғамының 

бастығы                             "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ

"____"__________________2009ж.      өндіру басқармасының бастығы

_______________Д. Тілеуов           "____" ________________2009ж.
                                     _______________А. Ғабдуллин


"Қазақстан теміржолы Ұлттық         "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру"

Компаниясы" акционерлік қоғамы       акционерлік қоғамының

Құлсары жол дистанциясы филиалының  "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ

бастығы                              өндіру басқармасының бастығы

"____" ________________2009ж.        "____" ________________2009ж.

_______________Б. Тайбеков            _______________А. Ғабдуллин
 

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының   "Қазақтелеком" акционерлік

"Құлсары мұнай құбырлары"              қоғамының Жылыой аудандық
басқармасының бастығы              телекомуникация торабының бастығы  "____" ________________2009ж.        "____" ________________2009ж.  

_______________А. Бешімов             __________________Е. Даулетбаев

                                             Жылыой аудандық әкімінің
                                             2009 жылғы 25 қарашадағы

№ 19 шешіміне 1-қосымша

Азаматтарды әскери есепке тiркеу жөнiндегi комиссия ҚҰРАМЫ

      Тілеуов Дастан Құбашұлы - Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, аудандық әскери есепкетіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
      Сағиев Мажит Сағиұлы - Жылыой ауданы әкiмiнiң орынбасары аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары;
      Таласбаева Қалау Қажымқызы - Жылыой аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы;
      Комиссия мүшелері:
      Минтаев Азат Спатайұлы - Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Тасымбаева Баян Тасымбайқызы - Жылыой аудандық емханасының жасөспірімдер дәрігері (келісім бойынша)

                                             Жылыой аудандық әкімінің

      2009 жылғы 25 қарашадағы

      № 19 шешіміне 2-қосымша

Әскери есепке тiркеу шарасына бөлiнетiн техникалық қызметкерлердiң КЕСТЕСI

Р\с

Мекемелердiң аты

Техникалық қызметкерле рiнiң саны

Бөлiнетiн уақыты

1
 

Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi

10

қаңтар - 31 наурыз 2010 жыл

2

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсары мұнайқұбырлары" басқармасы (келісім бойынша)

1

қаңтар - 31 наурыз 2010 жыл

3

"Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Құлсары жол дистанциясы" филиалы (келісім бойынша)

1

қаңтар - 31 наурыз 2010 жыл

4

"ҚазМұнайГазБарлауӨндіру" акционерлік қоғамының "ЖылыойМұнайГаз" мұнайгаз өндіру басқармасы (келісім бойынша)

1

қаңтар - 31 наурыз 2010 жыл

5

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Жылыой аудандық телекомуникация торабы (келісім бойынша)

1

қаңтар - 31 наурыз 2010 жыл

      Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет" туралы Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлерді Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақытында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады