Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Махамбет селолық әкімі аппаратына қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді бөлу тапсырылсын.
4. Аудандық шақыру пунктін жабдықтау және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарына кететін шығынның көлемі жергілікті бюджет арқылы анықталып, көктемгі және күзгі әскерге шақыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін, материалдық–техникалық жағынан толық қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыруға байланысты міндеттерін атқаруға тартылған азаматтардың (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерін) өз міндеттерін атқару іс-сапармен байланысты болса, іс-сапар шығындары төлеу ұсынылсын.
6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктіне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындары бойынша еңбекақысы сақталуы қамтамасыз етілсін.
7. Селолық округ әкімдері:
Шалғайдағы селолық округтерде тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін белгіленген уақытта аудан орталығына жеткізіп, шақырылушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлсін.
8. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
1) әскер қатарына шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, орта буын медицина персоналымен қамтамасыз ету және медициналық комиссиясын құру;
2) әскер қатарына шақырылушыларды флюрографиялық (рентгенографиялық) зерттеуден өтуін, қанның тобы мен резус факторының анықталуын, қанның және несептің жалпы талдауын, электрокардиографиядан өткізілуін, микрореакциясының анықталуын жүзеге асырып, бақылау жасау;
3) жергілікті селолық ауруханаларда, дәрігерлік емханаларда және медициналық пункттерде сақталатын әскер қатарына шақырылушылардың Ф-25/у амбулаториялық (стационарлық) жеке картасы формаларының шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияның отырысы кезінде міндетті түрде болуын қамтамасыз ету;
4) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын тексеру үшін медициналық куәландыру комиссиясы 3-ші қосымшаға сәйкес құрылып, оны қажетті маман-дәрігерлермен толықтыру;
5) әскер қатарына шақырылушылардың 4,5- қосымшаларға сәйкес флюрографиялық байқаудан және дәрігерлік комиссиядан өткізілуін қамтамасыз ету, ұсынылсын.
9. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша);
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына, әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
10. Ауданның барлық мекеме, шаруашылық, ұйым басшылары, шаруа қожалықтары мен серіктестік төрағаларынан (меншік түріне қарамастан) әскер қатарына шақырылушы азаматтарды, олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету сұралсын.
11. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен (келісім бойынша), әскер қатарына шақыру науқаны кезінде олардың іс-қағаздарының толық болуын қамтамасыз ету, шақыру комиссиясының жұмысын және әскер қатарына шақырушыларды облыстық дәрігерлік тексеру комиссиясына, әскер қатарына аттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындалғаны жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.
12. Аудандық қаржы бөлімі 2009 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
13. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
14. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудан әкімі Р. Сисатов
Шешім ескертулерсіз келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы Б. Қартқожақов
Аудандық емхананың бас дәрігері А. Жумиров
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н. Исаев
Аудандық әкімиятының
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 218 шешіміне 1–қосымша
Ауданда 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияның құрамы
Қартқожақов Бекболат - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім Жұмабайұлы бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Мажиев Қайыржан - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру–кадр және Мажиұлы мемлекеттік–құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Абілтаев Амангелді - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының Мұратұлы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Елеуова Клара - аудандық емхананың дәрігері, шақыру комиссиясының
Жоламановна комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша);
Майбасова Құндыз - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы; Сапарқызы (келісім бойынша).
Аудандық әкімиятының
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 218 шешіміне 2–қосымша
1982-1991 жылы туылған ер азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер
Р/с |
Мекеменің аты |
Бөлу мерзімі |
Қызмет керлер |
2 |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
26 маусым-30 маусым, |
1 |
3 |
Махамбет селолық округі әкімі аппараты |
26 маусым-30 маусым, |
4 |
Аудандық әкімиятының
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 218 шешіміне 3–қосымша
1982-1991 жылғы туылған ер азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның құрамы
Елеуова Клара Жоламановна – дәрігерлік комиссияның төрағасы
Р/с |
Мамандығы |
Аты-жөні |
Ескерту |
1 |
Оташы |
Алламбергенов Орынбай |
|
2 |
Емдеу дәрігері |
Сауырбаева Вера |
|
3 |
Құлақ-мұрын дәрігері |
Мұстағалиева Анар |
|
4 |
Тері аурулары дәрігері |
Мырзағалиева Света |
|
5 |
Тіс дәрігері |
Оспанова Алма |
|
6 |
Фтизиатр |
Еспосынов Жалғас |
|
7 |
Рентгенолог |
Жақсығалиев Мүбәрак |
|
8 |
Медбикелер |
5 адам |
|
9 |
Невропатолог |
Рахметова Жанна |
Аудандық әкімиятының
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 218 шешіміне 4–қосымша
2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырушылардың флюрографиялық байқаудан өту мерзімдері
Р/с |
Селолық округ атаулары |
Флюрографиялық байқаудан өту күндері |
|
1 |
Алмалы |
26.06 |
01.10 |
2 |
Ақтоғай |
26.06 |
02.10 |
3 |
Сартоғай |
26.06 |
02.10 |
4 |
Алға |
26.06 |
05.10 |
5 |
Есбол |
29.06 |
05.10 |
6 |
Ақжайық |
29.06 |
06.10 |
7 |
Жалғансай |
29.06 |
07.10 |
8 |
Сарайшық |
29.06 |
07.10 |
9 |
Бақсай |
30.06 |
08.10 |
10 |
Бейбарыс |
30.06 |
09.10 |
11 |
Махамбет |
30.06 |
09.10 |
Аудандық әкімиятының
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 218 шешіміне 5–қосымша
2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырушылардың дәрігерлік комиссиядан өту күндері
Р/с |
Селолық округ атаулары |
Дәрігерлік комиссиядан өту күндері |
|
1 |
Алмалы |
26.06 |
01.10 |
2 |
Ақтоғай |
26.06 |
02.10 |
3 |
Сартоғай |
26.06 |
02.10 |
4 |
Алға |
26.06 |
05.10 |
5 |
Есбол |
29.06 |
06.10 |
6 |
Ақжайық |
29.06 |
07.10 |
7 |
Жалғансай |
29.06 |
08.10 |
8 |
Сарайшық |
29.06 |
09.10 |
9 |
Бақсай |
30.06 |
08.10 |
10 |
Бейбарыс |
30.06 |
12.10 |
11 |
Махамбет |
30.06 |
13.10 |
Комиссия күндеріне қосымша /резерв/
Маусым айының - 16, 23, 30
Қазан айының – 19, 20, 21, 22, 23
Қараша айының – 03, 10, 17, 24
Желтоқсан айының -1, 8, 15, 22
Келісемін Бекітемін
Махамбет аудандық емхана Махамбет аудан әкім
бас дәрігері А. Жұмыров орынбасары С. Арстанов
"_____"________________2009 ж. "____"______________2009 ж.
2009 жылғы сәуір-маусым айларында әскер қатарына шақырушылардың дәрігерлік комиссиядан өту күндері
Р/с |
Селолық округ атаулары |
Дәрігерлік комиссиядан өту күндері |
|
1 |
Алмалы |
11.03.2009 |
1.04.2009 |
2 |
Ақтоғай |
11.03.2009 |
2.04.2009 |
3 |
Сартоғай |
12.03.2009 |
3.04.2009 |
4 |
Бейбарыс |
12.03.2009 |
10.04.2009 |
5 |
Есбол |
13.03.2009 |
7.04.2009 |
6 |
Ақжайық |
13.03.2009 |
8.04.2009 |
7 |
Сарайшық |
16.03.2009 |
9.04.2009 |
8 |
Жалғансай |
16.03.2009 |
6.04.2009 |
9 |
Алға |
17.03.2009 |
13.04.2009 |
10 |
Бақсай |
17.03.2009 |
14.04.2009 |
11 |
Махамбет |
18.03.2009 |
15.04.2009 |
Комиссия күндеріне қосымша /резерв/
Сәуір айының – 20, 27
Мамыр - 4, 11, 18, 25
Маусым айының - 09, 16, 23
Махамбет аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы майор Б. Карткужаков