Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы қорытындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Селолық округке қарасты "Еңбекшіл" селосындағы 1 (бірінші) көшеге қазақтың тарихында елеулі орын алатын қоғам қайраткері, мемлекеттік тұлға Мұстафа Шоқай есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Селолық округ әкімі | С. Жайлашев |