Махамбет ауданының 1993 жылы туылған азаматтарды 2010 жылғы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 19 шешімі. Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарында N 4-3-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1993 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
      Селолық округ әкімі аппараттарының әскери есепке жауапты мамандарымен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1993 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.
      4. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
      Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық дәрігер мамандармен, шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (флюрографиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын 2, 3-қосымшаға сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Махамбет селолық округіне техникалық қызметкерлермен 4-қосымшаға сәйкес қамту тапсырылсын.
      6. Аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесіне (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық білім бөліміне әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқаруымен, жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
      8. Селолық округ әкімдері мекеме-кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1993 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      9. Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ, азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс–қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      10. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі                         Р. Сисатов
Шешім ескертулерсіз келісілді

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы майор                       Б. Қартқожақов

Аудандық емхананың бас дәрігері           А. Жұмыров

Аудандық ішкі істері бөлімінің
бастығы полиция майоры                    Н. Исаев

Аудандық "Қазақтелеком"
бөлімшесінің бастығы                      М. Ожаев

Аудан әкімінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 19
шешіміне 1-қосымша 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы
туылған жастарды тіркеу кезіндегі комиссияның құрамы:

Қартқожақов Бекболат - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Жұмабайұлы             бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Мәжиев Қайыржан      - ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр
Мәжиұлы                және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің
                       бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Майбасова Құндыз     - аудандық емхананың медбикесі, шақыру
Сапарқызы              комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).

Комиссия мүшелері:

Тажбентаев Ануар     - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының Сайлаубайұлы           орынбасары (келісім бойынша);

Елеуова Клара        - аудандық емхананың дәрігері, шақыру
Жоламанқызы            комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша);

Аудан әкімінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 19 
шешіміне 2-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ
тапсыру кестесі

Р/с

Мектептер атауы

Өтетін күндері

2010 Қаң тар

 2010 Қаң тар

 2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

2010 Қаң тар

1

Шонаев


Х






2

Ағелеуов

Х







3

Төленов атындағы мектеп-гимназия



Х





4

Қалыбеков





Х



5

Таңдай

Х







6

Қызылүй


Х






7

Жалғансай






Х


8

Ақтоғай





Х



9

Алға



Х





10

Қарашаұлы






Х


11

Есбол




Х




12

Қосарал




Х




13

Кәсіптік лицей № 10









Х

14

Чкалов








Х

15

Алмалы







Х

      Ескерту: флюрографияға түсіру аудандық емханада өтеді

Аудан әкімінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 19
шешіміне 3-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі

Р/с

Мектептер  атауы

дәрігерлік байқаудан 2010 жылы қаңтар  айында өтетін күндері

1

Шонаев


Х






2

Ағелеуов

Х







3

Төленов атындағы мектеп-гимназия



Х





4

Қалыбеков





Х



5

Таңдай

Х







6

Қызылүй


Х






7

Жалғансай






Х


8

Ақтоғай





Х



9

Алға



Х





10

Қарашаұлы






Х


11

Есбол




Х




12

Қосарал




Х




13

Кәсіптік лицей № 10









Х

14

Чкалов








Х

15

Алмалы







Х

Аудан әкімінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 19
шешіміне 4-қосымша 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер

Р/с

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Уақыты

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

Қаңтар айы

2

Махамбет селолық округі

2

Қаңтар айы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады