Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық әкімиятының 31.03.2010 № 38 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18,23 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын, облыстық әкімияттың 2009 жылғы 2 сәуірдегі N 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның шақыру күнiне дейін 18 жасқа толатын 1991 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1982-1991 жылы аралығында туған азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақырылсын.
2. Жастарды әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын
(1-қосымша).
3. Комиссия құрамына әскер қатарына шақырылушылардың тұрмыстық-денсаулық жағдайына толық талдау жасау ұсынылсын.
4. Селолық округ әкімдеріне:
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақыру пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай - тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы мен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп әкелуді қамтамасыз етсін;
3) Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Новобогат, Жанбай, Нарын селолық округiндегi әскерге шақыртушыларды 6-шы сәуір мен 12 тамыздан бастап алдын ала медициналық байқауға және аудандық медициналық комиссиясына жеке автокөлiкпен тасымалдауды ұйымдастырсын.
5. Аудандық емхана әкімшілігіне (М.Жамалова - келісім бойынша):
1) аудандық дәрiгерлiк комиссия құрамына тиiстi дайындығы бар, тәжiрибелi маман дәрiгерлер мен орта бiлiмдi медицина қызметкерлерiн бөлу (2-қосымша);
2) әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қанының тобын, резус–факторын, жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісі вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, электрокардиограмма, бруцеллезге қарсы тексеру жөнiндегi жұмыстарға бақылау жасау;
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-III "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 21 бабына сәйкес анализдер тапсырту, және флюрографиядан, медициналық байқаудан өткiзу жұмыстарын жүргiзу ұсынылсын (3,4-қосымша).
6. Ауданның мекемелері мен кәсiпорындар басшыларына (келісім бойынша) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын.
7. Әскер қатарына шақырылушы жастарды облыстық медициналық байқау комиссиясына, командаларға белгiленген шақырушыларды облыстық жиын пунктiне тасымалдау үшiн аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ж. Қойшыбаев – келісім бойынша) жеке көлiк иелерiмен шарт жасасу ұсынылсын.
8. Аудандық қаржы бөлiмiне (Е. Алмағанбетов) 2009 жылға бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
9. Аудандық iшкi iстер бөлiмiне (С. Жапақов - келісім бойынша):
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шакыру кезiнде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бiрге шақыру пункттерiнде қогамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету;
2) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына келмеген адамдарды жедел iздестiру, сонымен бiрге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттерiне тосқауыл қойып, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;
3) командаларды көлiкке отырғызып, жүргiзiп жiберу, сонымен бiрге шақырушылар колоннасын (шақырушылар санына қарамастан) жол полициясының қатысымен жүргiзу ұсынылсын.
10. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
11. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі З. Сүйнешов
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері Аудандық ішкі істер
жөніндегі бөлімінің бастығы: бөлімінің бастығы:
Ж. Қойшыбаев С. Жапақов 26.04.2009 ж. 26.04.2009 ж.
Аудандық емхананың "Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру
бас дәрігері: басқармасының бастығы
М. Жамалова О. Сарбөпеев
26.04.2009ж. 26.04.2009ж.
Аудандық әкімияттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 60
қаулысына 1-қосымша
Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:
1. Қойшыбаев Жандарбек - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім Бисенбайұлы бастығы, комиссия төрағасы; (келісім бойынша)
2. Жанарыстанов Ғаллем - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық
бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының
орынбасары;
3. Дюсешова Гулсара - Аудандық емхана емшібикесі - комиссия
Жаңбырбайқызы хатшысы; (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
4. Бижанова Роза - Аудандық емхана аға дәрігері;
Сембіқызы (келісім бойынша)
5. Хисметуллин Ақан - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Ғалламұлы орынбасары; (келісім бойынша)
Аудандық әкімияттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 60
қаулысына 2-қосымша
Әскерге шақырылушыларды медициналық сараптаудан өткізетін
аудандық дәрігерлік комиссия құрамы:
1. Абдығали Рашадин - Хирург
2. Балтабек Наталья - ЭКГ техник
3. Бижанова Роза - аға дәрігер
4. Бөлекбаева Роза - жүйке, тамыр ауруының дәрігері
5. Дюсалиева Бағила - тіс дәрігері
6. Елеусизова Рая - ЭКГ дәрігері
7. Исақұлов Қайрат,
Бөлекбаева Роза - психиатр
8. Қабделова Гулбаршын - терапевт
9. Қадыралиева Айымгул - көз дәрігері
10.Қуандықов Алексей - рентгенолог
11.Мұханова Рая,
Сахипова Хадиша - фтизиатр
12.Сугіралиева Халима - қан тобын айырушы
13.Төлегенова Нина - мұрын, құлақ, тамақ ауруларының
дәрігері
14.Емші бике - 4(төрт) адам
Аудандық әкімияттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 60
қаулысына 3-қосымша
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер
қатарына шақырылғандардың флюрография мен анализдер тапсыру
кестесі
№ |
Селолық округтер |
Өтетін күндері |
||||||||
6.04.09 |
7.04.09 |
8.04.09 |
9.04.09 |
10. 04.09 |
13. 04.09 |
14.04.09 |
||||
12.08.09 |
18.08.09 |
19.08.09 |
20.08.09-21. 08.09 |
24.08.09 |
25.08.09 |
|||||
1 |
Аққыстау с/о |
х |
||||||||
2 |
Тұщықұдық с/о |
х |
||||||||
3 |
Новобогат |
х |
||||||||
4 |
Жанбай |
х |
||||||||
5 |
Нарын |
х |
||||||||
6 |
Забурын |
х |
||||||||
7 |
Исатай |
х |
Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада.
Аудандық әкімияттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 60
қаулысына 4-қосымша
Медициналық комиссияның өту кестесі
N |
Селолық округтер |
Өтетін күндері |
|||||||
27.04.09 |
28.04.09 |
29.04.09 |
30.04.09 |
4.05.09 |
5.05.09 |
6.05.09 |
Косымша күндер |
||
2.09.09 |
3.09.09 |
4.09.09 |
7.09.09 |
8.09.09 |
9.09.09 |
10.09.09 |
13,14,20,21.05. 27,28.05.09 11,15,16.09. 21,22,23.09.09. 1,2,12,13,22,23.10.09.29,30,10.09. 9,10,19,20, 26,27.11.09. |
||
1 |
Аққыстау |
Х |
|||||||
2 |
Тұщықұдық |
Х |
|||||||
3 |
Новобогат |
Х |
|||||||
4 |
Жанбай |
Х |
|||||||
5 |
Нарын |
Х |
|||||||
6 |
Забурын |
Х |
|||||||
7 |
Исатай |
х |
Аудандық әкімияттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 60
қаулысына 5-қосымша
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі
№ |
Кәсіпорын, мекемелер атауы |
Саны |
Бөліну күні |
1 |
Жайықмұнай–газ өндіру басқармасы |
1 |
20.04.2009 ж. -30.06.2009 ж. |
2 |
Аудандық білім бөлімі |
1 |
20.04.2009 ж.- 30.06.2009 ж. |
3 |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
2 |
20.04.2009 ж.- 30.06.2009 ж. |