Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы селолық округі әкімінің 27.10.2010 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссиясының 13 наурыз 2007 жылғы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Аққыстау селосындағы бұрынғы Болатжол көшесіне азамат Мусағалиев Тұрғалидың есімі, бұрынғы Тұлпар көшесіне азамат Хисметуллин Ғалламның есімі, бұрынғы Наурыз көшесіне азамат Әбілхайров Даулеттің есімі беріліп, көше аттары өзгертілсін.
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққыстау селолық округінің әкімі Т. Маштахов