Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Исатай ауданы Аққыстау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 126 қауылы Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызында N 4-4-143 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2010.02.22 N 27 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148        "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және аудандық әкімияттың 2008 жылғы 25 ақпандағы N 26 "Исатай ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын іске асыру халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бағытында аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н. Құрманғалиева), аудан көлеміндегі жұмыс беруші кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері басшыларына (келісім бойынша) және селолық округ әкімдеріне:      

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарын:          аз қамтылғандарды;

      жиырма бір жасқа дейінгі жастарды;

      жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды;

      кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жалғыз басты көп балалы ата-аналарды;

      мүгедектерді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды бағып-күтіп отырған азаматтарды;

      оралмандарды;

      Қазақстан Қарулы Күштері құрамынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың қаржыландырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын;

      4) халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылсын;

      5) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;

      6) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 15 000 теңгеге тең.

      2. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.

      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы     М. Өтеғалиев
 
Келісілді:
 

"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі      "Құрасов" шаруа қожалығының
шектеулі серіктестігінің директоры:      басшысы _________ Р.Құрасов
______________ А. Аманбаева              24.07.09 ж.                

24.07.09 ж.                                         
 

"Қабдолқызы Зоя" шаруа қожалығының       Жеке кәсіпкер  басшысы:_________________А. Ахтаев       У. Закарина ____________
24.07.09 ж.                              24.07.09 ж.
 
                                        Аудан әкімдігінің
                                        2009 жылғы 27 шілдедегі N 126
                                        қаулысына қосымша  

 
 Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын
   кәсіпорындар, мекемелер тізбесі
 

N

    Кәсіпорындар, мекемелер атауы

1

"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

(келісім бойынша)

2

"Қабдолқызы З" шаруа қожалығы (келісім бойынша)

3

"Құрасов" шаруа қожалығы (келісім бойынша)

4

Жеке кәсіпкер "Закарина У" (келісім бойынша)

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады