1993 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 38 шешімі. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 4-5-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 1993 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
      2. 1993 жылы туған азаматтарды әскери есепке тіркеу үшін № 1 қосымшаға сәйкес тіркеу комиссиясы құрылсын.
      3. Аудандық емханаға (С. Тайшыбай - келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияны жергілікті емдеу мекемелеріндегі тиісті дайындығы, тәжірибесі бар дәрігерлермен, сондай-ақ, шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алып, тіркеу комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны дәрігерлермен және медбибілермен қамтамасыз ету ұсынылсын (№ 2 қосымша).
      4. Барлық селолық, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына тіркелуші азаматтарды қажетті құралдармен, құжаттарын түгендеп, әскери есеп жөніндегі мамандары мен мектеп бойынша бастапқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгіленген уақытта әкелуді тапсырамын (№ 3 қосымша).
      5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Қызылқоға аудандық бөліміне (Г. Дәулетқалиева - келісім бойынша) тіркелуші азаматтардың бруцеллез ауруынан тазалығын анықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (І. Хамзин - келісім бойынша) тіркеу пунктіне және көшеде қоғамдық тәртіпті сақтаудың шараларын алу, белгіленген мерзімде шақыру участкелеріне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекеттерін болдырмау жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен (А. Рамазанов - келісім бойынша) бірлесіп жұмыс жасау ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің орындалысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            Б. Сәрсенғалиев

                                         Аудан әкімінің 2009 жылғы 

11 желтоқсандағы № 38 шешіміне

    № 1 қосымша           

1993 жылы туған азаматтарды әскери есепке тіркеу
комиссиясының құрамы 

Рамазанов Асылбек Бағытжанұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі                       бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт                       бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының                            орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Көшерғалиев Парасат Нұрсайынұлы - аудандық ішкі істер бөлімі                              бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Тайшыбай Самат Сәрсенұлы - аудандық емхана бас дәрігері (келісім                           бойынша);
Жұмабаева Мейрамгүл - аудандық емхана медбибісі, комиссия хатшысы                         (келісім бойынша);

                                         Аудан әкімінің 2009 жылғы 

11 желтоқсандағы № 38 шешіміне
         № 2 қосымша        

Қызылқоға ауданының дәрігерлік комиссиясына қатынасатын дәрігерлер тізімі

№ р/с

Аты-жөні

Қызметі

Қосымша

1
  

 
2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 
10
 

11
 

12

Бисенова Айгүл Өтебалықызы
 

 
Акжамалова Жаниба Кубеновна
 

Асанова Светлана Ғатауқызы
 

Әбділдиева Гүлнар Молдашқызы
 

Бисенғали Нәби Қойбағарұлы
 

Елешов Аманжол Түгелбайұлы
 

Жаңабаева Жанар Амангелдіқызы
 

Көбенова Қарлығаш Бағытқызы
 

Курманова Гульвира Бағытжанқызы
 

Тайшыбай Сейфолла Саматович
 

Медбибілер
 

Жұмабаева Мейрамгүл

дәрігерлік комиссия төрайымы, дәрігер невропатолог;

дәрігер-психиатр;
 

дәрігер-стоматолог;
 

дәрігер-дерматовенеролог;
дәрігер-рентгенолог;
 

дәрігер-оториноларинголог;

дәрігер-терапевт;
 

дәрігер-фтизиатр;
 

дәрігер-офтальмолог;
  

дәрігер-хирург;
 

6 адам;

 
- аудандық емхана медбибісі, комиссия хатшысы


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Аудан әкімінің 2009 жылғы 

11 желтоқсандағы № 38 шешіміне

    № 3 қосымша     

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне келу кестесі

Р/с

Селолық және ауылдық округтер

Саны

Келетін уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Миялы селолық округі
Жангелдин ауылдық округі

Ойыл ауылдық округі

Көздіғара ауылдық округі

Тасшағыл ауылдық округі

Жамбыл ауылдық округі

Қызылқоға ауылдық округі

Сағыз ауылдық округі

Мұқыр ауылдық округі

Тайсойған ауылдық округі

Қосымша күндер

БАРЛЫҒЫ:


11.01.2010 ж.

12.01.2010 ж.

13.01.2010 ж.

14.01.2010 ж.

15.01.2010 ж.

18.01.2010 ж.

19.01.2010 ж.

20.01.2010 ж.
21.01.2010 ж.

19.01.2010 ж.
22.01.2010 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады