1992 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-ІІІ "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
2. Поселкелік, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1992 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктінде тіркелуін қамтамасыз ету міндеттелсін.
3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (Анар Доспаева) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу, негізгі және қосалқы құрамда дәрігерлік комиссия құру (2 қосымша), оны қажетті маман медбикелермен толықтыру ұсынылсын (келісім бойынша).
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қайрат Иманғалиев) тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу (2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында) тапсырылсын.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Бауыржан Қапаров) тіркеуді өткізу уақытында шақыру пунктіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
6. Аудандық білім беру бөліміне (Бағытжан Мусағали) тіркеуге шақыру уақытында шақырылғандармен әскери-патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өту кестесі бойынша оқу орындарындағы азаматтардың тіркеуден толық өтуін қадағалау міндеттелсін (3 қосымша).
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Жамбыл Сұлтанғалиев) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2009 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
8. Аудан әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 93 "Индер ауданының 1992 жылы туған азаматтарын 2009 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің күші жойылсын.
9. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Мендігереевке жүктелсін.
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Нәутиев
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері Аудандық емхананың бас дәрігері:
жөніндегі бөлім бастығы:
Сұлтанғалиев Жамбыл Доспаева Анар
27 қаңтар 2009 жыл 27 қаңтар 2009 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімнің
бастығы:
Бауыржан Қапаров
27 қаңтар 2009 жыл
Аудан әкімінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
4 шешіміне 1 қосымша
1992 жылы туылған ер азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді
сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссияның құрамы:
Сұлтанғалиев Жамбыл - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Байтұрсынұлы бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша);
Мұқышев Жұлдыз - аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімінің
Сапарғалиұлы төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы,
төрағаның орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Аязғалиев Арман - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
бабындағы орынбасары (келісім бойынша);
Доспаева Анар - аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік
Хамидоллақызы комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Гильманова Роза - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Аудан әкімінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
4 шешіміне 2 қосымша
Дәрігерлік комиссия құрамы:
N |
Мамандығы |
Негізгі |
Қосалқы |
1 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9 10 11. 12 13 14 |
Хирург Терапевт Кардиолог Отоларинголог Окулист Невропатолог Психиатр Стоматолог Фтизиатр Рентгенолог Дерматолог Медбике Медбике Медбике |
Сапиев Қаршыға Есқалиева Жанар Тұнғатарова Айман Доспаева Анар Құсайынова Анар Ермекқалиева Айжан Бакенова Ханбибі Жасақбаева Тамара Кетебаев Сапарғали Кетебаев Сапарғали Қаражанова Күляш Мұқаналиева Жаңылсын Хайруллина Сәнжан Ысқакова Дариға |
Таудаев Қайыржан
|
Аудан әкімінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
4 шешіміне 3 қосымша
Аудан бойынша 1992 жылы туылған азаматтардың
тіркеу комиссиясынан өту кестесі
N |
Селолық округтар |
Са |
Өтетін күндері |
||||||||
ақ |
ақ |
ақ |
ақ |
ақ |
нау |
нау |
нау |
нау |
|||
1 |
"Көктем" |
8 |
Х |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Ш.Уәлиханов |
13 |
Х |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
М.Әуезов |
28 |
Х |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
С.Сейфуллин |
12 |
Х |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
N 5 КТМ |
60 |
|
|
|
|
|
|
|
Х |
|
6 |
Б.Нсанбаев атындағы орта мектеп |
16 |
|
Х |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Абақанұлы атындағы орта мектеп |
19 |
|
|
Х |
|
|
|
|
|
|
8 |
Жамбыл атындағы орта мектеп |
12 |
|
|
|
Х |
|
|
|
|
|
9 |
Кулагино орта мектебі |
9 |
|
|
|
Х |
|
|
|
|
|
10 |
Гимназия |
2 |
|
|
|
Х |
|
|
|
|
|
11 |
Гребенщик орта мектебі |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Х |
12 |
Сиранов атындағы орта мектеп |
29 |
|
|
|
|
Х |
|
|
|
|
13 |
Аққала орта мектебі |
3 |
|
|
|
|
Х |
|
|
|
|
14 |
Махамбет атындағы орта мектеп |
9 |
|
|
|
|
|
|
Х |
|
|
15 |
Бөдене |
11 |
|
|
|
|
|
Х |
|
|
|
16 |
Мөнкеұлы |
3 |
|
|
|
|
|
|
Х |
|
|
17 |
Кешкі орта |
11 |
|
|
|
|
Х |
|
|
|
|
|
Барлығы |
250 |