Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2010.04.14 N 217-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғы үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысын, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы" Бұйрығын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған Индер аудандық Мәслихатының ХVІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Индер аудандық Мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына" (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету үлгі тәртібі туралы" 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 117-ІV шешімінің күші жойылсын.
3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудандық Мәслихат
ХVІ сессиясының төрағасы Қ. Садиев
Аудандық Мәслихат хатшысы Е. Көшек