РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 18 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімиятының кейбір қаулыларына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) аудан әкімиятының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 201 "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-64 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық- саяси газетінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу стандартының" 17 тармағындағы "3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде" деген жолдағы "2" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) аудан әкімиятының 2005 жылғы 05 сәуірдегі № 45 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-1 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық саяси газетінің 2005 жылғы 20 мамырдығы № 21 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған каулының мәтініндегі, 1 тармағындағы және 3 тармағындағы "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сөздер "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасының тақырыбындағы "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сөздер "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша:
"біліктілігін арттыру және қайта даярлау", "олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау", "олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау", "олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға", "олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды", "біліктілігін арттыруға және қайта даярлауды", "біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға", "біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сөздер тиісінше "қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру", "қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру", "қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру", "қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға", "қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды", "қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруға", "қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға", "қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жұмыссыздардың", "жұмыссыздарға", "жұмыссыздарды" деген сөздер тиісінше "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға", "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Рысқалиев