Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 ақпандағы N 49 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 4-8-144 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабын,        1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 208 Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 30 бабын, Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығымен бекітілген "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару туралы" Нұсқаулығын      басшылаққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Соттардың үкімімен, қаулысымен сотталған адамдарға 2009 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін кәсіпорындар, шаруашылық пен кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша) төмендегі көрсетілген қоғамдық жұмыс объектілері болып белгіленуге ұсынылсын:
      1) "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      3) "Габдушов Миргали" жеке кәсіпкер.

      2. Жоғарыда көрсетілген заңды тұлға басшыларына (келісім бойынша) жазасын өтеуге жіберілген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы (Каримов Б. - келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері басшыларымен және жергілікті округ әкімдерімен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеу тәртібі жөнінде түсінік беру ұсынылсын.

      4. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі               А. Такешев

Келісілді:

Каримов Бауыржан - аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының аға маман                     инспекторы;
Жүгінісов Болат  - "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                   бастығы; 

Теміралиев Еркебұлан - "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі
                   серіктестігінің бастығы; 

Габдушов Мергали - "Габдушов Мергали" жеке кәсіпкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады