Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы Асан селолық округі әкімінің 2010.10.22 № 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 35-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа алып және аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 12 қазандағы № 10 хаттамасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Округке қарасты елді мекендердегі көше атаулары жоқ көшелерге:
Асан селосы бойынша – Тұрар Рысқұлов атындағы, Жиделі, Болашақ атаулары;
Үштаған селосы бойынша – Қайрат Рысқұлбеков, Даулеткерей, Жастар және Нарын атаулары берілсін.
2. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Н. Аубекеров