Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 7 қазандағы № 8 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Азғыр ауылындағы атауы жоқ 3 көшеге "Әйтеке би", "Қазыбек би", "Ғарифолла Құрманғалиев" және Қоңыртерек ауылындағы атауы жоқ 2 көшеге "Жаңару", "Бейбарыс" атаулары берілсін.
2. Осы көше атауларын жазып, белгі тақтайшаларын орнатып ілдіру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Өмірбек Сулейменовке жүктелсін.
3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Н. Мұханбетов