Ескерту. Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012.05.08 № 42-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасын басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының2-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2391 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға дара кәсіпкер мен заңды тұлғаларға ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 131-ХІІІ "2009 жылға жеке кәсіпкер, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 4 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-140 енгізілген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 7 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
Аудандық Мәслихаттың
ХXV сессиясының төрағасы М. Қуаншалиев
Аудандық Мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев
Келісілді:
Н. Аленов - Аудан бойынша салық басқармасының бастығы
Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 235-ХХV шешіміне қосымша
2010 жылға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ойын бизнесі
саласында көрсеткен қызметіне тіркелген салық ставкаларының
мөлшері
№ |
Ойын бизнесі түрлері және салық салу объектілері |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (АЕК) айына |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (АЕК) жылына |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*6) |
72 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*72) |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
9 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*9) |
108 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*108) |
3 |
Ойын өткізу үшін қолданылатын жеке компьютерлер үшін |
2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*2) |
24 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*24) |
4 |
Боулинг (әрбір ойын жолы үшін) |
30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*30) |
360 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*360) |
5 |
Әрбір карт (картинг үшін) |
12 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*12) |
144 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*144) |
6 |
Бильярд (1 столға) |
20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*20) |
240 айлық есептік көрсеткіш (АЕК*240) |
Ескертпе: айлық есептік көрсеткіш 2010 жылға қабылданған "Бюджет туралы" Заңына сәйкес.