Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 213 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 шілдеде № 2013 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2009 жылғы 9 маусымдағы N 04/1638 хатына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылдың 20 қыркүйегіне дейін орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынуы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мырзахметов
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б. Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б. Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е. Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б. Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә. Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  У. Қайназаров
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы            Е. Садыр
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Г. Морозова

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы
21 шілдедегі N 213 қаулысына
қосымша

      Өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салынған облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінің тізбесі

р/с

Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің атауы

Орманшылықтардың атауы, орамдардың нөмірлері

Алаңы, га

1

Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Байырқұм орманшылығы, 1, 2, 5, 7, 23, 25, 37, 39, 42 орамдары

2122

Тақыркөл орманшылығы, 1, 2, 9, 21, 24 орамдары

824

2

Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Балтакөл орманшылығы, 1, 6, 12, 36, 38, 50 орамдары

995,8

Отырар орманшылығы, 66, 95, 103, 111, 117, 123, 125, 136, 143, 165, 168 орамдары

1456,1

Шәуілдір орманшылығы 43, 48, 62, 67, 96, 101, 105, 295 орамдары

1031,7

3

Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Қызылшаруа орманшылығы, 4-8 орамдары

839

Қаратау орманшылығы, 29-38, 52-58, 61-63, 74, 75, 81-85, 88-93, 95-110 орамдары

20350

4

Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Арнасай орманшылығы, 376, 378, 379, 380-385, 386-399, 402 орамдары

4214

Сүткент орманшылығы, 88, 97-113, 97а, 109а-113а, 331-340, 347-353 орамдары

27870

Шардара орманшылығы, 125а, 126а, 135а-138а, 146а-159а, 354-401 орамдары

13735

5

Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Шолаққорған орманшылығы, 39, 96 орамдары

11111

6

Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Шымкент орманшылығы, 36, 38 орамдары
Ордабасы орманшылығы, 1-7, 60, 71 орамдары

509

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады