2009 жылы жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қаңтарда N 14-1-86 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Шымкент қаласы Әділет басқармасының 2010 жылғы 5 мамырдағы N 1-10444/02 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Шымкент қаласы Әділет басқармасының 2010.05.05 N 1-10444/02 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Л.А.Мақашева) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Шымкент қаласының қаржы бөлімі (Г.М.Құрманбекова) қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Күздеубаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                       А.Жетпісбаев

Шымкент қаласы әкімдігінің
2009 жылдың 8 қаңтар
N 2 қаулысымен бекітілген

  2009 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

N

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Қамтылатын адам саны

1

2

3

4

1.

Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

100 адам

2.

Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Жолдар құрылысы және жолдарды жөндеу

90 адам

3.

Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ЖШС "ЛТД-Тұрмыс"

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру

500 адам

4.

Шымкент қалалық Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімдері, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесінің, ішкі істер бөлімдерінің жұмысына қатысу

300 адам

5.

Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары, білім бөлімі, қала мектептері, құрылыс мекемелері

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді, үйлерді салуға және жөндеуге қатысу

500 адам

6.

Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

180 адам

7.

Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдерінің аппараттары, МКҚК "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы", ОҚО ІІД мекен-жай бюросы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың ОҚО филиалы

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

350 адам

8.

Шымкент қаласы әкімдігі, қалалық ауруханалар

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру

60 адам

9.

ОҚО "СодБи" қоғамдық қоры, "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы, "Ғибрат" көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі

Қоғамдық ұйымдарға, қорларға көмек көрсету

120 адам

БАРЛЫ Ғ Ы:

2200 АДАМ

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарды орташа жұмыс істеу мерзімі 1,3 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кей біріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгертілуі мүмкін.
      Жұмыссыздардың жалақысы жеке еңбек шарты негізінде жалақының ең төмен мөлшерінде қалалық бюджеттен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеу мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады