Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 21/134-IV Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына 6 бап 1 тармақ 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
1. Арыс қаласының аз қамтамасыз етiлген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы бекiтiлсiн.
2. Арыс қалалық мәслихатының 02.11.2007 N 2/13-IV "Арыс қаласының аз қамтамасыз етiлген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы" (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-45 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 26 желтоқсандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімі күшін жойсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Тоқсейітов
Қалалық мәслихат хатшысы Ө. Керiмқұлов
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/103–VІ шешімімен бекітілген
Арыс қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес жасалды. 1. Негізгі ұғымдар.
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй көмегі-халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызметтерді тұтынуға, жергілікті телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі-телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
2) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі тоқсанның алдындағы отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының тоқсандағы жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға берілетін (Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегі) бала туғанда және жерлеуге байланысты берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмектер мен жер үлесінен, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты қоспағанда, есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады.
3) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды және коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін қолданылады.
4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.
5) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктермен банктік операцияларды жасайтын мекемелер.
6) өтініш беруші - өзі немесе өтініш беруші отбасының атынан өтініш беруші.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.
2. Тұрғын үй көмегі Арыс қаласында, Арыс қалалық әкімшілігіне қарасты ауылдарда тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге және телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу шығындарының (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) нормасы отбасының жиынтық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді.
3. Тұрғын үй көмегі қалада, ауылда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
5. Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған І, ІІ, топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80-жастан асқан егде адамдарды күтіп бағып отырған немесе өзі-өздігімен жұмыспен қамтылғандар, 3 жасқа дейінгі (бір және одан көп) бала күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасыларындағы тұлғалары жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет өткермейтін, және жұмыспен қамту органында тіркелмеген кезеңге бұл отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
6. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерімен, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
7. Жұмыссыз азаматтары бар отбасылар себепсіз ұсынылған жұмыстан бас тартса, өз еркімен қоғамдық жұмыстан, жұмыссыздарды даярлау немесе қайта даярлауынан бас тартқан жағдайда 6 ай тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегі құжаттармен өтініш жасайды:
1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші;
2) жеке меншігіндегі тұрғын жай (пәтер) саны туралы анықтама;
3) отбасы құрамы туралы анықтама немесе жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтер планы);
5) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама), жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар);
Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс азаматтардың жазбаша өтінішімен расталады;
6) жергілікті телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын келісім-шарт;
7) балалардың туу туралы, неке туралы немесе бұзылғандығы туралы N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері;
8) жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары;
9) Салық төлеушінің нөмірі (СТН түпнұсқа көшірмесі);
10) Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК түпнұсқа көшірмесі);
11) жинақ кітапшасы – көшірмесі;
Кондоминиум объектісінің қатысушылары үшін:
12) кондоминиум объектісінің қатысушылары ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
13) сараптамадан өтіп, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
14) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама-қолдаухат.
9. Құжаттарды көшірмесімен бірге түпнұсқасын алып келеді. Көшірмесін салыстырып түпнұсқасын қайтарады.
10. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.
11. Тұрғын үй көмегі ақшалай тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифының көтерілуінің сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығын өтемақысы кондоминиум қатысушы ретінде төлемдерді (жарналарды) төлеген жағдайда өтеледі.
12. Тұрғын үй көмегі әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржының 60 пайызы мөлшерінде тағайындалады.
13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай болып саналады.
14. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының белгіленген шектен жоғары болуы тұрғындардың ортақ негізінде жүргізіледі.
15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (бас тарту) туралы шешім шығарады.
Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда, тұрғын үй көмегін бас тарту себебін көрсетіп жазбаша хабардар етеді.
16. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмегіне әсер ететін жағдайларды тұрғын үй көмегін тағайындайтын бөлімге 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезден тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
Артық төленген соманы өз еркімен қайтаруға тиіс. Өз еркімен қайтармаған жағдайда, сот тәртібімен қайтарылады.
5.Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.
17. Тұрғын үй көмегін төлеу алушылардың өтініші негізінде, өзі таңдаған уәкілетті ұйымының есеп-шотына уәкілетті орган арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегі ай сайын өткен айға төленеді.
19. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне тұрғын үй көмегін алушының есеп-шотына аударылады.
6. Тұрғын үй көмегін көрсетудегі жауаптылық.
20. Уәкілетті орган және уәкілетті ұйым тұрғын үй көмегінің дұрыстығына, уақыттылы тағайындалуына, төленуіне және берілуіне заңды түрде жауап береді.