Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес шағын аудан тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. ПМС шағын ауданына Алатау батыр аты, Мехколона шағын ауданына Қалау Датқа аты берiлсiн.
2. Атауы жоқ шағын аудандарға Тараз, Самал, Көктем, Оңтүстiк, Отырар, Талдықұдық, Наурыз атаулары берiлсiн.
3. Осы бiрлескен шешiм мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы: Н.Шүкiрбеков
Арыс қаласының Әкiмiнiң мiндетiн атқарушы: С.Сұлтанов
Қалалық мәслихат хатшысы: Ө.Керiмқұлов