Көшелерге жаңа атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігі Жиделі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 18 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қарашада N 14-2-77 тіркелді

      "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жиделі ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жиделі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жиделі ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін:
      Жиделі ауылы бойынша Есжанов көшесіне - Сырдария атауы берілсін.
      Жиделі ауылындағы атаулары жоқ көшелерге - Абай, Орталық Қажымұқан, Амангелді, Т.Рысқұлов, Нартай, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Қараой атаулары берілсін.
      Аққала ауылы бойынша атаулары жоқ көшелерге - Ж.Тәшенов, Т.Тәжібаев, Р.Сарсенов, Абай, Ақсарлы, Д.Қонаев, Мелдеби, У.Қойлиев, М.Әуезов, Ш.Айтматов атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жиделі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс жүргізушісі Ә.Ділдабекке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Жиделі ауылдық округ әкімі                 М.Әлетбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады