Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 14-4-60 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімнің аппаратының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 1236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімінің аппаратының 17.07.2013 № 1236 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес анықталсын.
      2. Түркістан қалалық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1-тармағында анықталған лауазымдардың тізбесі енгізілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Төрежановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Б. Сыздықов    

      Келісілді:
      Түркістан қалалық
      мәслихат хатшысы                           Ғ. Рысбеков                                                        

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2009 жылғы 28 қаңтардағы
      N 2 қаулысына 1 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi      

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Мамандар (бас, аға): әлеуметтік маман, әлеуметтік қызметкер.

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2009 жылғы 28 қаңтардағы
      N 2 қаулысына 2 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi      

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалiмдер, тәлімгер, тәрбиешi, кітапханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын өндірістік оқыту шебері, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, дәрігер, медициналық бике, емдәм бикесі, педагог-ұйымдастырушы.

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2009 жылғы 28 қаңтардағы
      N 2 қаулысына 3 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекшi, клуб меңгерушіcі.
      3. Мамандар (бас, аға): кiтапханашы, киномеханик, автоклуб меңгерушісі.

      Түркістан қаласы әкімдігінің
      2009 жылғы 28 қаңтардағы
      N 2 қаулысына 4 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа); филиал директоры (меңгерушiсi).
      2. Мамандар (бас, аға): оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы, дәрігер, медициналық бике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады