Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпадағы N 16/93 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 14-5-70 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 20/118 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.06.30 N 20/118 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-55 тіркелген, 8 ақпан 2008 жылғы "Алғабас" газетінде жарияланған) N 4/20 шешімінің қосымшасына мына төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тараудың 1 тармағының 1 тармақшасындағы "Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, қалалық телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға беріледі" деген сөздер "Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тараудың 1 тармағының 2 тармақшасындағы "отбасыға көрсетілетін көмектерді және" деген сөздерден кейін "жер үлесінен," деген сөзбен толықтырылсын;
      2 тараудың 2 тармағындағы "тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындары отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады" деген сөздер "Тұрғын үй көмегі әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржы мен отбасының 20 пайызы арасындағы айырма сомасында тағайындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ереженің 7 тармағы 3-1 тармақшасымен толықтырылсын "3-1) азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табысын көрсетіп жазған жазбаша өтініші".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Сессия төрағасы:                           О. Мыңғышев    

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Дүйсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады