Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 3/27-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қазығұрт ауданының аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық салық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 қаңтардағы N 4/29-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1102 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 20 ақпандағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің кіріспе бөлімі (преамбула) мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының жер кодексінің 8, 9, 11 баптарына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М. Есіркепов
Аудандық мәслихат хатшысы А. Омаров