Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.11.23 N 512 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазығұрт ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 2-8/320 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округіне қарасты Тілектес, Жаңаталап, Қарабастау, Жаңажол елді мекендерінде жануарлардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілген аймақта ветеринариялық-санитарлық талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
3. Жаңабазар ауыл округінің әкімі (А.Ташқұлов) осы қаулының 1 тармағында көрсетілген елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Н.Әжіметов
КЕЛІСІЛДІ
Қазығұрт аудандық аумақтық
инспекциясының бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторы: А.Шойбеков
8 шілде 2009 жыл