Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.06.12 № 5-28-IV Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 38-236-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-40 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Мақтаарал" газетінде ресми жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ереженің 4-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
4-тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
12. Қала, кенттер, ауылдық округтерде иттерді жекелеген оңаша қорада немесе байлауда ұстау қажет. Иттерді көшеге, аулаға көпшілік жерге қарғы бау тағып, тұмсық тор кигізіп шығару қажет. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз бос жіберу мал табындарын баққанда, аң аулау кезінде, арнаулы мекемелердің шұғыл жағдайда иттерді пайдалануы кезінде рұқсат етіледі.
Мекеме, мектеп, аурухана аумақтарында күзет иттерін байлауда ұстауға рұқсат етіледі.
13. Белгіленген тәртіппен иттер мен мысықтарды тіркеуді мал дәрігерлік инспекторлары жүргізеді және тіркеу куәлігін береді. Мал дәрігерлік инспекторларының нұсқауымен иттер мен мысықтарды тексеру, әртүрлі ауруларға қарсы егу, дегельмитизациялау және тазалықта ұстау қажет. Каналдарда иттер мен мысықтарды шомылдыруға болмайды.
14. Иттер мен мысықтар ауырып қалғанда, сондай-ақ адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда жедел мал дәрігерлік инспекторларға және медициналық мекемелерге хабарлау қажет. Адамды, малды жарақаттаған (қапқан, тырнаған) ит пен мысықты шұғыл түрде мал дәрігеріне тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстап, бақылау қажет. Тіркеуге, емдеуге және басқа шараларға байланысты шығындарды ит пен мысықтың егесі төлейді.
15. Ит пен мысық алғандығы немесе басқа жақтан келгендігі туралы бес күн ішінде мал дәрігерлік инспекторын хабардар ету қажет.
16. Тұқымына қарамастан көшелерде, саябақта және басқа да көпшілік орындарда иесіз жүрген иттер (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) мен мысықты қаңғыбас деп саналады және оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Мелдеханов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Әбдәзімов