Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабы 5 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қалақұрылыс бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
1) 5,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аязхан Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылының;
2) 4,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Хайдар ауылының;
3) 4,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Бескетік ауылының;
4) 5,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл ауылының;
5) 1,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Ақжол ауылының;
6) 13,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Достық ауылының;
7) 1,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Азат ауылының;
8) 8,71 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Алаш ауылының;
9) 4,95 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Дихан ауылының;
10) 2,95 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылының;
11) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Қарақай ауылының;
12) 6,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Қараөзек ауылының;
13) 23,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Сәтбаев ауылының шекаралары өзгертілсін.
2. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Б. Серіков
Аудан Әкімі: Қ. Хаметов
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж. Әбдәзімов