Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес 2,11 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ынтымақ ауылдық округі Әдената ауылының жалпы ауданы 71,75 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә.Асауов
Аудан әкімі Қ.Хаметов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Әбдәзімов