Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарақай ауылдық округіне қарасты:
Сәтбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Наурыз, Отан, Жеңіс;
Кетебай ауылындағы атауы жоқ көшесіне Молшылық;
Қараөзек ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ынтымақ, Бірлік деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Ж.Асанхановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: С.Сейтімов