Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 55 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қазанда N 14-7-102 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Казыбек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Казыбек би ауылдық округіне қарасты:
      Құрбан ата ауылындағы атауы жоқ көшесіне Ақ жол;
      Абиболла ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бозарық;
      Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Иман, Игілік, Инабат;
      Таубай ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Білім, Балауса, Байлық, Көкбұлақ;
      Қазыбек би ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Асар, Ақсарай, Ақиқат, Күнгей, Егемендік, Егіндік, Ақсұңқар, Айбын, Абат, Алтыбақан;
      Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бозбұтақ, Атамұра, Аманат, Достық, Дидар, Арман, Атамекен, Дастан, Дарын;
      Ә.Оспанов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайсар, Қазына, Жігер, Жұлдыз, Жеңіс, Қаракет, Мереке, Мұра деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі                       Н. Набатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады