Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қазанда N 14-7-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты:
      Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемел, Мақта, Қасиет, Мейірім;
      Жаңа дала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жемісті, Ізгілік, Жұлдыз, Береке, Үміт, Ырыс, Білім, Достық, Алғыс, Ақжол, Арман, Достар, Шаттық;
      Сырбат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Айбын, Думан, Абат, Ырысты, Керемет, Шырайлы, Дәулет, Нұр, Үштерек, Ынтымақ;
      Күрішті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Нұрлы, Көктем, Ақниет, Балдырған;
      Жеңіс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақниет, Балдырған;
      Достық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайрат, Руханият, Теріскей, Қазына, Райхан;
      Бірлік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бастау, Болашақ, Алаш, Бірлік, Алмалы, Озат, Көрікті;
      Кемер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Келешек, Наурыз, Бағбан, Татулық, Азаттық, Табыс;
      Зерделі ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бейбітшілік, Орталық, Тың, Беткей, Ақшам, Жаңа тұрмыс, Қайырым;
      Байдала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақиқат, Ұйымшыл, Еңбек, Парасат, Шапағат;
      Сұлу бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Намыс, Құрмет, Ұқыптылық, Өнеге, Иман, Мейрам, Егемендік, Зерек, Жаңа ғасыр;
      Қызыл таң ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақжелкен, Балдаурен, Сүйінші, Бәйтерек, Жігер, Тазалық, Ақбұлақ деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі                       Н. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады