Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Атамекен ауылдық округіне қарасты:
Талапты ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Еңбекші, Жаңа жол, Жаңатұрмыс, Бостандық, Ескі жұрт, Тұйық, Ынталы, Молшылық, Желтоқсан, Қара ағаш;
Жемісті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шығыс, Ынтымақ, Достық, Жеңіс, Береке, Дихан, Жастар, Наурыз, Жігерлі, Бірлік;
Мақташы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Арайлы, Ақ жол, Бейбітшілік, Ақ алтын, Мамыр;
Жеңістің 40 жылдығы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көгал, Іргелес;
Қоғалы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Бәйтерек, Орталық, Имек, Бескетік, Қосаба, Жолайрық;
Атамекен ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бірлестік, Жаңару, Батыс деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі О. Шыршықбаев