Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңажол ауылдық округіне қарасты:
Арайлы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шұғыла, Ырысты, Наурыз, Еңбекші, Нұрлытаң;
Өргебас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақниет, Ынтымақ, Мәдениет, Бірлік, Болашақ;
Нұрлыжол ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жібек жолы, Үлгілі, Жас дәурен;
Достық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алаш, Заңғар;
Фирдауси ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жаңа тұрмыс, Нұрдала, Бахор, Гүлстан, Теректі, Табысты, Берекет, Шаттық, Қайтпас, Қайнар, Жаңа талап, Түркістан, Мақталы, Достық;
Жеңіс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Күншығыс, Астана, Табиғат, Мұрагер, Жасылжелек, Көктем, Алмалы, Шапағат, Самал, Жастар, Кең дала, Атамекен, Береке, Бәйтерек, Ақалтын деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі: Н. Саттаров