Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010.01.18 № 40 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының5-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
2. Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (И.Бәкіров) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарды еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
4. Аудандық қаржы бөлімі (С.Әліш) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге бөлінген қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Тоқбергеноваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Құртаев
Отырар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 8 қаңтар
N 1 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№ р/с |
Ұйымдардың тізбесі |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыспен қамтылғандардың саны (адам) |
1 |
Аудан әкімшілігі, ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер |
Көгалдандыру, ағаш отырғызу күтіп ұстау |
150 |
2 |
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер |
Аймақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру |
175 |
3 |
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері |
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу |
49 |
4 |
Ауыл округтері, аудандық мемлекеттік мекемелері |
Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көмектесу |
30 |
5 |
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер |
Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету |
30 |
6 |
Әділет басқармасы, статистика бөлімі, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмыстарына ықпал жасау, мектептерге қамқорлық, пилоттық жобасы бойынша және мұрағат бөліміне жәрдем беру |
Әділет басқармасы, статистика бөлімі, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмыстарына тәртіп, халық жасақшылары, құқық тәртібі, сақшы, пилоттық жобалары бойынша жұмыс істеу, мектептерге және мұрағат бөліміне көмектесу |
46 |
Барлығы: |
480 |
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай. Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.