Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 70 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде N 14-9-77 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 40 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010.01.18 № 40 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы

-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)

Темірбеков Аян Мырзахметұлы

- аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Алимкулов Мурат Алимкулович

-аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
(келісімі бойынша)

Орынбеков Жұмахан

-аудандық аурухананың дәрігері, дәрігер-медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)

Түкібай Сәбира

-аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

      3. Аудандық медицина бірлестігі (Ш. Құрманбекова – келісімі бойынша):
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссияның жұмысы Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00- ден 18,00-ге дейін. Демалыс күндері сенбі жексенбі.
      2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын;
      3) дәрігерлік комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Б. Ошақбаев – келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (А. Темірбеков) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ. Жандарбеков -келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссияға жеткізілуін;
      2) әскери қызметке шақырылған азаматтардың облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Мұқтарәлі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (директоры - Ж. Әлиев, келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық ақаусыз автобустармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Асылбекке жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Құртаев

      КЕЛІСІЛДІ:      

      аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      07.04.2009 жыл                             Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы      

      аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      07.04.2009 жыл                             Жандарбеков Қажымұқан      

      аудандық ішкі істер
      бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік
      бөлімшесінің бастығы
      07.04.2009 жыл                             Алимкулов Мурат Алимкуливич     

      аудандық медицина
      бірлестігінің бастығы
      07.04.2009 жыл                             Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы   

      " Мұқтарәлі" ЖШС директоры
      07.04.2009 жыл                             Әлиев Жаңабай Әметұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады