Тіркелген салықтың бірыңғай ставкасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 18/118-IV Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда N 14-9-86 тіркелді.Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 19.12.2014 № 33/190-V шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 19.12.2014 № 33/190-V шешімімен.
     "РҚАО ескертпесі.
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
      Қазақстан Республикасының 10.12.2008 жылғы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422-бабына және Қазақстан Республикасы 23.01.2001 жылғы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Отырар ауданында орналасқан салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
 
 

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы

Т. Ақжігіт
Ә. Махатай


Аудандық мәслихаттың 2009
жылғы 13 сәуірдегі N 18/118-ІV
шешімімен белгіленген

   

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының бір айға ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады