Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 52 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 ақпанда N 14-10-107 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 1511 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы әкімдігінің 29.08.2013 № 1511 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі 1, 2, 3, 4 - қосымшаларға сәйкес анықталсын.
      1. Сайрам аудандық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1-тармағында анықталған лауазымдардың тізбесі енгізілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Әмірәлиевке жүктелсін.      

      Аудан әкімі                                М. Әлі
 
      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Т. Төлендиев

      Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 1 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері, маман-кеңесшілер, әлеуметтік қызметкерлер.

      Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
      2009 жылғы 23 қаңтардағы
      N 52 қаулысына 2 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан және шаруашылық меңгерушілерінен, бас есепші, есепшілерден басқа).
      2. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, тәлімгер, тәрбиешi, оқу орнының оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекшi, үйірме жетекшілері, оқу менеджері, қондырғыларды жабдықтаушы инженер, өндірістік оқыту нұсқаушысы, әдiскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы.

Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 52 қаулысына 3 қосымша 

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (бас есепші, бас экономист және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекшi, әдіскер, аға кинооператор, аға музыкалық жетекші, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі, мұражай меңгерушісі, бағдарламашы, аккомпаниатор, әртiс, әнші, музыкант, кiтапханашы, библиограф, музыкалық операторы, мәдени ұйымдастырушы, суретшi, суретші-безендіруші, хореограф, жарық аппаратының инженері.

      Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
      2009 жылғы 23 қаңтардағы
      N 52 қаулысына 4 қосымша

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, (бас есепші және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Мамандар: оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің спорт мектебінің әдіскері, оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, жаттықтырушы-оқытушы, дәрігер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады