Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 01.02.2013 № 31 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының ставкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 3-27/ІІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1090 тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпандағы "Мәртөбе" газетінің N 3 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімінде (преамбула):
"Қазақстан Республикасының 12.06.2001 ж. N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
(Салық кодексі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы:
"329" деген сандар "378" деген сандармен ауыстырылсын;
"330" деген сандар "379" деген сандармен ауыстырылсын;
"332" деген сандар "381" деген сандармен ауыстырылсын;
"334" деген сандар "383" деген сандармен ауыстырылсын;
"338" деген сандар "387" деген сандармен ауыстырылсын; 2-тармақтағы:
"337 бабының 1,2 тармақтарына" деген сөздер 386-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"332" деген сандар "381" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Оспанбеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Төлендиев