Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Бадам ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 7,0 гектар жер телімі алынып, Құрсай ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 7,0 гектар жер телімі қосылып, Құрсай ауылының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И. Курбанов
Аудан әкімі М. Әлі
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев