1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы N 1132 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 желтоқсанда N 14-10-126 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 1680 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.05.19 N 1680 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 4 қаңтар мен 30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру телімінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. 1993 жылы туылған жастарды шақыру телімінде тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:

Бердібеков Валихан Абдуқадырұлы

Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Жакыпбеков Ақылбай Жүсіпбекұлы

Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі

Комиссия мүшелері:

Саитмуратов Абдуманнап Умурзақұлы

хирург, медициналық комиссиясының төрағасы

Таханов Талғат Өмірқұлұлы

Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Камилова Лола Махаматжанқызы

"Ақсукент" Сайрам аудандық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы.

      3. "Ақсукент" Сайрам аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай- МКҚК) (Қ.Ыдырысов- келісім бойынша), "Қарабұлақ" Сайрам аудандық емханасы" МКҚК (А.Абдушкуров- келісім бойынша) және "Сайрам" Сайрам аудандық емханасы" МКҚК (Х. Ашурбаев- келісім бойынша):
      1) 1993 жылы туылған жастарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссияның жұмысы үшін қажетті приборлар және медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
      2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушыларды жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
      3) тіркеуді өткізу кезінде медициналық тексеруге қатысатын 1993 жылы туылған жастардың рентгеннен, ЭКГ-ден, жалпы анализ тапсырудан уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4.Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (В.Бердибеков – келісім бойынша):
      1) аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, тіркеу комиссиясында әскери–техникалық мамандықтар бойынша және Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеуді жүргізу;
      2) аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, оқу орындарында, кәсіпорындарда жастарды әскери патриоттық және интернациналдық тәрбиелеу және әскер қатарындағы қызметке дайындау жөніндегі іс–шараларды жүзеге асыру;
      3) жастарды шақыру учаскесіне тіркеудің қорытындысы және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
      5. Аудандық білім беру бөлімі (Г.Нұртанова) және ауыл округтерінің әкімдері:
      1) 1993 жылы туылған жастардың тізімдерін және құжаттарын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы таратылуын бақыласын;
      2) бекітілген кестеге сәйкес, тіркеу комиссиясынан өтетін жастарды көрсетілген мерзімде алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы–ұйымдастырушы мен әскери есеп столының басшылары арқылы ұйымдастырсын;
      3) оқу орындары, кәсіпорындар және мекеме басшыларымен бірлесіп, жастарды әскер қатарындағы қызметке дайындау мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерін нашар меңгерген 1993 жылы туылған жастарды анықтау және оларды оқыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      6. Тіркеу комиссиясының құрамындағы медицина қызметкерлері мен медбикелері 2010 жылы 4 қаңтардан 31 наурыз аралығында негізгі жұмыстарынан босатылатындығы және жұмыс орны мен атқарып жатқан қызметі бойынша жалақысы сақталатындығы белгіленсін.
      7. Аудандық ішкі істер басқармасына (М. Оразалиев – келісім бойынша) әскери есепке тұрудан бас тартқан азаматтарды іздестіру және тіркеу комиссиясына жеткізуге пәрменді түрде көмек көрсетсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Мырзалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М.Әлі

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сайрам ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім бастығы             Б.А.Бердибеков
      «_5_» _11_ 2009 жыл

      Сайрам аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің 2-бөлімше бастығы      Б.А.Асатов
      «_5_» _11_ 2009 жыл

      «Ақсукент» Сайрам аудандық
      емханасының бас дәрігері                   Қ.С.Ыдырысов
      «_5_» _11_ 2009 жыл

      «Қарабұлақ» Сайрам аудандық
      емханасының бас дәрігері                   А.А.Абдушкуров
      «_5_» _11_ 2009 жыл

      «Сайрам» Сайрам аудандық
      емханасының бас дәрігері                   Х.Б.Ашурбаев
      «_5_»_11_ 2009 жыл

      Сайрам аудандық ішкі істер
      басқармасының бастығы                      М.М.Оразалиев
      «_5_» _11_ 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады