Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолын қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігі Жұлдыз ауыл округі әкімінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 368 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда N 14-10-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолы тұрғындарының пікірлерін ескере келе, Жұлдыз ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолына Қапал батыр есімі берілсін.
      2. Жұлдыз ауыл округі әкімі аппаратының инфрақұрылым маманы көшеге қайта атау беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау, шаруашылық кітабына өзгеріс енгізу бас маман Д.Мирзадиноваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұлдыз ауыл округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы                  С.Ибишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады