"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Жарты төбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 108 ұсынысы негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жарты төбе ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 7,5 га жер учаскесі Бостандық ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шегі өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә. Тастанбеков
Аудан әкімі Ұ. Сәдібеков
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Каипов