Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бап 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес және Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы атауы жоқ көше тұрғындарының пікірлерін ескере отырып Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы атауы жоқ көшеге Мамедалиев Мүсірәлі есімі берілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Ә. Сабиров
Аудан әкімі: М. Мырзабаев
Аудандық мәслихат хатшысы: Б. Каипов