Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Қошқарата ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылындағы көшеге "Өмірзақов Есбол" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Оразбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: Е. Қуанышбаев