Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Әділет басқармасының 2011.04.29 N 1-15-05/563 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан азаматтарын кезекті міндетті әскери қатарына шақыруға дайындық, әскери қызмет етуге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" Созақ аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-70 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 23 сәуірде "Молшылық" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3 тармағы 2 тармақшасындағы "Құлмаханов Біржан Асылханұлы" деген сөздерді "Ошақапов Шекербек Шералыұлы" деген сөздерімен алмастырылып, жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Әбдіқұлов