Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 36/13-05 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабы 1, 2-тармақтарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданында орналасқан салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Қасымбек
Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Қалдыкөзов
Түлкібас аудандық мәслихатының
2009 жылғы 16 ақпандағы N 16/3-04
шешімімен бекітілген
Тіркелген салық ставкалары
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салық ставкалары |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
4 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |