Түлкібас ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және оларды серуендету туралы Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 қарашадағы N 24/5-04 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 желтоқсанда N 14-14-92 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы N 5/11-05 Шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.06.11 N 5/11-05 Шешімімен.  

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Түлкібас ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және оларды серуендету туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Б. Тұрсынбеков

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Қалдыкөзов

Түлкібас аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 қарашадағы
24/5-04 шешімімен бекітілген

      Түлкібас ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және оларды серуендету туралы Қағидасы

      1-тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау

      1. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген жануардың ветеринариялық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      Тұрғындарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиісті иттердің барлық түрлері үш айлық жасынан, ал мысықтарға екі айлық жасынан бастап, құтырма, оба ауруына егуіне және паразитарлық ауруларға қарсы дегильментизация жасатуы тиіс.
      2. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауы қажет.
      3. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      1) бір ғана отбасында тұратын тұрғын үй-жайларда;
      2) бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен);
      3) мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары мен саяжайларда, коммерциялық емес бірлестіктерде және орындарда иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіпсіздік келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      Пәтерлерде иттер мен мысықтардың барлық түрлеріне арналған паналау орындарын ашуға рұқсат етілмейді. Ерекше жағдайларда, жергілікті атқарушы органдарға, пәтерлер иелері кооперативтеріне санитарлық-тұрмыстық талаптарды ескере отырып, тиісті ұйымдар мен қызметтерді қатыстыра отырып, пәтерлерде және басқа да коммуналдық нысандарда иттер мен мысықтарды, басқа да зоологиялық түрлері белгіленген саннан артық көлемде ұстауға рұқсат беруге, ұстауды шектеуге құқық беріледі.
      4. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарда, үйдің шатырында, жертөлелерде, басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
      5. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиіс.
      Осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді!" "Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
      6. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екіден көп иттерді ұстауға рұқсат етіледі.
      7. Тіркелмеген (есепке алынбаған) және жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етілмейді.
      8. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін жарыстар, көрмелер және тағы басқа көпшілік шаралар санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау өкілдерінің жазбаша келісімімен өткізіледі.
      9. Иттер мен мысықтарды олардың терісін пайдалану, етін өңдеу, сату, тұтыну үшін өсіруге не болмаса аулауға рұқсат етілмейді.

      2-тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      Иелері итті серуенге шығарғанда келесі талаптарды орындауы тиіс:
      1. Иттерді тұмылдырылықпен (декоративті түрінен басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен, осы Қағиданың 4-тармақтың және 5-тармақта көрсетілген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
      2. Иттердің иелері әрдайым иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген жетон бекітілген қарғыбау тағуы керек. Иесінің тілегі бойынша жетонды итке қатысты басқа да мәлімет болуы мүмкін.
      3. Иттерді тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде иттердің иелері 2300 мен 0700 сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
      4. Иттердің иелеріне мынадай жағдайларда рұқсат етілмейді:
      1) құтырма, оба ауруына қарсы егілмеген және токсаплазмозға тексерілмеген иттерді серуендетуге;
      2) жануарларды немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерінің, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, рұқсат етілмеген ескерту белгісі бар жерлерде серуендетуге;
      3) иттерді көпшілік шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
      4) көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттен басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарда, азық-түлік дүкендердің сауда жасау және өндірістік орындарда, сервистік қызмет көрсету мекемелері мен мәдениет мекемелеріне әкелуге, ұстауға;
      5) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай-ақ көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттерден басқа жануарлармен бірге болуға;
      6) иесі мас болған жағдайда итті ертіп жүруге және көпшілік жүретін орындарда серуендетуге рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады