Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Түлкібас ауданы, Шақпақ ауылдық округі, Шақпақ баба ауылы, Бреусов–Школьная көшелерінің қиылысында орналасқан саябаққа Кембаш Мамбеткуловтың аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Х. Рсымбетов