Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы Нұртас Ондасынов пен Ұзыната көшелерінің атауларын ауыстыру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы N 23-170/IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы N 584 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада N 14-15-79 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Шардара қаласындағы Нұртас Оңдасынов көшесінің атауын Ұзыната көшесі деп, ал Ұзыната көшесінің атауын Нұртас Оңдасынов көшесі деп атаулары ауыстырылсын.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н.Айдарбеков

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады